Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты Шалқар ауданының прокуратурасымен атқарылған іс – шара.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты Шалқар ауданының прокуратурасымен атқарылған іс – шара.

Шалқар ауданының прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, заңнама үстемдігін қамтамасыз ету мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 3-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыруға бағытталады.

Алайда, аудан прокуратурасымен аудандағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүргізілген талдау барысында «Шалқар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-сі (әрі қарай – Басқарма) тарапынан кәсіпкер құқықтарының бұзылу дерегі анықталды.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы Басқармамен аудан аумағында орналасқан шаруа қожалықтың есеп шотына негізсіз шектеу салынған және қосылған құн салығы есебінен заңсыз шығарылып, кәсіпкердің құқығының бұзылуына жол берілген.

Анықталған дерек бойынша аудан прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде шаруа қожалықтың есеп шотына салынған негізсіз шектеу алынып, қосылған құн салығын төлеушілер есебіне қайта қосылып кәсіпкердің құқығы қорғалды, бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.