Алкогольдық масаң күйде автокөлікті басқарған

Алкогольдық масаң күйде автокөлікті басқарған

Шалкар аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608 бабы 1 бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) қозғалған аз.М-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, аз. Т., 11.05.2021  жылы сағат 20-20 шамасында  Шалкар қаласында  «LADA 211440»  маркасы автокөлікті алкогольдық масаң күйде  басқарды, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608 бабының 1 бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады.

Соттың қаулысымен Т. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған он бес (15) тәуілікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі  және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.