Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай

Ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Шалқар аудандық сотының ұйымдастыруымен онлайн тәртібінде  «Тарихтың мәңгілік тұлғасы» атты  әдеби кеш өткізілді.

Бұл іс-шараға соттың мамандары мен мәдениет бөлімінің қызметкерлері  қатысты.

Кешті салтанатты түрде сот төрагасы О.Бақтыгереев ашып, Жамбыл Жабаев барлық өмірің  жақсы адами қасиеттерін-патриоттық, мәдениеттілік, ісіне адалдық, әділеттілікті өлеңмен жеткізуге арнады. Осы шаранын зор маңыздылығын  атап өтті.

Соттың бас маманы А.Ембергенов  Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады.

Кеш барысында ақынның шығармашылығына арнап жасалған «Жыраудан қалған жауһар сөз» атты кітап көрмесімен Шалқар аудандық  балалар кітапханасының кітапханашысы А.Е.Сейдуллаева таныстырды.   

Сонымен қатар, бас маман А.Ембергенов Жамбылдың «Кымыз» атты шығармашылығын оқыды.

Қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісіп, әдеби кеш ұйымдастырушыларына  ризашылықтарын білдірді.