Шалқар қаласының көшесін қайта атау туралы

Шалқар қаласының көшесін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 баптарына, тиісті аумақ халқының пікірін  ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылдың 23 желтоқсандағы №3 қорытындысының негізінде  Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шалқар қаласының «Ульянов» көшесі «Азаттық» көшесі болып қайта аталсын.
  2. «Шалқар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде  мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми  жарияланғаннан  кейін  Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.