Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларына сәйкес, техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын (машина, трактор, т.б.) басқаруға тыйым салынады. Мемлекеттік техникалық байқау машиналардың техникалық жағдайын анықтау, машина иесін, оған тиесілі машиналар санын, тіркелген нөмірлердің дұрыстығын тексеру мақсатында және қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсер ететін жарамсыздықтың, техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуының алдын алу мақсатында жүргізіледі. Сондықтан заңды және жеке тұлғалар міндетті түрде техникалардың техникалық жай-күйін байқаудан өткізу үшін жасалған кестеде көрсетілген орынға техникаларды мемлекеттік қызмет көрсетушіге ұсынуға тиісті.
Техникалық байқаудан өткізу үшін қажетті құжаттар:
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде немесе ҚР электрондық лицензиялау www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Шалқар ауданы аумағындағы тракторларды, олардың тіркемелерін және жол-құрылыс машиналарын 2021 жылғы жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу
КЕСТЕСІ
Рет № |
Ауылдық округтер |
Байқау өткізуді ұйымдастырушылар |
Техникалық байқау өткізілу мерзімі |
Байқау өткізілетін орын |
1 |
Қауылжыр |
Балымов Тұрлан |
22.04.2021 жыл |
Қайдауыл ауылы |
2 |
Мөңке би |
Бисеков Нұрбек |
22.04.2021 жыл |
Мөңке би ауылы |
3 |
Бершүгір |
Жұбаназар Айтқали |
29.04.2021 жыл |
Біршоғыр, Алабас |
4 |
Ақтоғай |
Құрмаш Ерік |
29.04.2021 жыл |
Қотыртас |
5 |
Шалқар |
Қалжан Қаржаубай |
30.04.2021 жыл |
Жылтыр |
6 |
Тоғыз |
Ідірісов Бекболат |
13.05.2021 жыл |
Тоғыз,Жылан ауылы |
7 |
Кішіқұм |
Казбеков Курышбек |
13.05.2021 жыл |
Шілікті, Шоқысу |
8 |
Жаңаконыс |
Каюпов Манас |
20.05.2021 жыл |
Аққайтым ауылы |
9 |
Е.Көтібарұлы |
Кенжалин Мирамғали |
20.05.2021 жыл |
Байқадам |
10 |
Айшуақ |
Әбшанов Оралбек |
20.05.2021 жыл |
Бегімбет |
11 |
Бозой |
Жұбаназаров Жасұлан |
21.05.2021 жыл |
Бозой |
12 |
Шетырғыз |
Табынбеков Жалғас |
27.05.2021 жыл |
Қаратоғай,Тұмалы |
13 |
Шалқар қ-сы |
Құдайсүгіров Ертай |
01.04.-30.06.2021 |
Шалқар,Шман ауылы |
Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпей пайдаланып жүрген техникалар анықталған жағдайда, учаскелік инспекторлар арқылы ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 9 тармағы бойынша айыппұл салынатындығын ескертеміз.
Е.Бүркітов
«Шалқар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
бас маманы, инженер-инспектор