Шалқар аудандық сотының судьясы С.Дәріқұлова «Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің АХАТ бөлімінің өкілдерінің қатысуымен онлайн режимінде неке және отбасы қатынастарынан туындайтын даулар бойынша «Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі» тақырыбында семинар өткізді.
Судья С.Дәріқұлова өз баяндамасында Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылар) және отбасы туралы» кодексінің талаптарына тоқталып, онда некеге отыратын адамдардың келiсiмi немесе ерлi-зайыптылардың некедегi және ол бұзылған жағдайдағы мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi туралы, сондай-ақ некеде туған немесе асырап алынған балалардың мүліктік құқықтары туралы сұрақтарды қозғады және аудандық АХАТ бөлімінің қызметін қазіргі заңнама талабына сәйкес жандандыру керектігін айтты.
Сонымен қатар, баяндамашы «Неке шарты» институтын қолдануды насихаттау жұмыстарын жүргізу және дауды сотқа дейін татуластыру мақсатында медиаторлармен ортақ жұмыстарды арттыру қажеттігін атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар өз-ара пікір алмасты.