Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға кім құқылы?

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға кім құқылы?

«МКБЗК бюждет қаражаты есебінен» Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңда және ҚР заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен оны алуға құқығы бар адамдарға көрсетіледі.
МКБЗК алуға құқығы бар тұлғалар:
Барлық жеке және заңды тұлғалар МКБЗК-н құқықтық ақпарат түрінде тегін алуға құқылы.
І.Азаматтық істер бойынша:
1) асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;
2) жұмысына байланысты денсаулығының зақымдануынан келтірілген не қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, 1 және 11 топтағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлер болып табылатын, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес даулар бойынша талап қоюшымен жауапкерлер;
4) заңға сәйкес ақталған адамдарға олардың зиянын өтеу туралы даулар бойынша талап қоюшылар;
ІІ.Қылмыстық істер бойынша:
1)қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам кәмелетке толмағандар болып табылатын немесе сот ісін жүргізу тілін білмейтін не өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілер;
ІІІ.Әкімшілік істер бойынша:
1)өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға;
ІV.Алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар.


Шалқар ауданаралық әділет басқармасы