Сот жүйесі жаңғыртылуда

Сот жүйесі жаңғыртылуда

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, «Рухани Жаңғыру» және Елбасының сот жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау барысында Жоғарғы Соттың бастамасымен елімізде айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Сотқа деген сенім қалыптастыру сот қызметінің басты мақсаттарының бірі болып табьылады.

Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот жүйесін жаңғырту» бағдарламасын әзірлеп, оны жүзеге асырау үшін алғышарттар жасалып, мақсат пен міндеттер белгіленді.

Сот жүйесінің «7 түйіні» анықталып, оларды шешудің жолдары айқындалды.

Сот актілерін дайындаудың жаңа форматы енгізіліп, сот шешімін түсіндіру жұмысы жаңа сатыға көтеріліп жандандырылды.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 01.09.2020 ж. Қазақстан халқына Жолдауында атап өткеніндей, тіркелген кәсіпкерлерге қатысты кез келген тергеу әрекеттері тек сот немесе прокурор санкциясы арқылы ғана жүзеге асырылуға тиіс.

Бұл арқылы орта және шағын бизнестің дамуына жағдай туғыза отырып, сонымен қатар ел экономикасының өрлеуіне жол ашады. Бизнестің мемлекет тарапынан қорғалуына ықпал етеді.

Президентіміздің сол Жолдауда айтқан  құқықтық мемлекеттің маңызды шарты – туралықтан танбайтын әділ сот төрелігінің болуы. Сот жарыспалы қағидат бойынша жүруге және судья айып­таушы жаққа тәуелді болмауға тиіс. Сол үшін адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз ету қажет деген сөздері сот жүйесіне және судьяларға үлкен міндеттер жүктейді.

Сондықтан осындай талаптар аясында ҚР Жоғарғы Сотының тарапынан айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді. Сот жүйесі түбегейлі жаңғыртылуда.

Осындай игі істерге атсалысу әрбір судьяның міндеті болуға тиіс.

Шалқар аудандық

сотының төрағасы     Оралбек Бақтыгереев