Комиссияның кезекті отырысы өтті

Комиссияның кезекті отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары С.Джумановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста аудандық білім бөлімінің «Кәмелетке толмағандар арасындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау шаралары» тақырыбындағы есебі тыңдалды.

Сондай-ақ, Есет Көтібарұлы және Тоғыз ауылдық округтері әкімдерінің әлеуметтік осал санаттағы, көпбалалы және толық емес отбасыларындағы балаларға көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау және олардың құқықтарын қорғау бағытында жүргізілген алдын алу жұмыстары қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселелер комиссия мүшелерінің ұсыныстары негізінде жан-жақты талқыланып, жауапты бөлімдер мен мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.