Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет

Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шалқар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Имашев Ж.С. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлепберген Е.Т. бірлесіп тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жауапкершілігі, балалардың жолдағы қауіпсіздігі, сондай-ақ көлік құралын мас күйінде басқарудың және жылдамдықты шамадан тыс арттырудың салдары жөнінде кеңінен түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы айтылып, қауіпсіздікке бейжай қарамауға шақырылды.

Шалқар аудандық полиция бөлімі жол қозғалысына қатысушы барлық азаматтарды жол ережелерін сақтауға және өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
#заңжәнетәртіп #жолқауіпсіздігі