
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 28 наурыз – 30 мамыр аралығында Ақтөбе қаласы мен барлық аудандарда, облыс елді мекендерінің аумағында көгалдандыру, санитарлық тазарту және абаттандыруға бағытталған ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылуда. Сенбілікке жергілікті атқарушы органдар, облыстық мекемелер, меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, пәтер иелері кооперативтері, еріктілер және қала, ауыл тұрғындары белсенді қатысуда.
Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды, сынған ағаштар мен бұталарды уақытылы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылу қажет. Айта кетейік, екі ай бойы полигон барлық тұрғындар үшін тегін болады.
Кәсіпкерлер өздеріне бекітілген аумақтарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, жасыл желектерді суару мен күтіп ұстауды қамтамасыз етуі қажет.
Құрметті тұрғындар, баршаңызды сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз. Алтын бесік – Ақтөбемізді бірге көркейтейік!