
Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының базасында ревматологиялық аурулары бар пациенттерге көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ревматологиялық бөлімше ашылды.
Аталған бөлімше Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № ҚР ДСМ-45 «Қазақстан Республикасында ревматологиялық көмекті ұйымдастыру стандарты туралы» бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.
Ревматологиялық бөлімшенің ашылуы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды қадам болып табылады және өңір тұрғындарын заманауи талаптарға сай мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, ревматологиялық ауруларды ерте анықтауға, уақтылы ем жүргізуге, асқынулардың алдын алуға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Бөлімшенің қызметі созылмалы қабынбалы және аутоиммундық аурулары бар пациенттерге медициналық көмекті жүйелі түрде көрсетуге жағдай жасап, тұрғындарды өзге өңірлерге жіберу қажеттілігін азайтуға бағытталған.
Аталған бастама мемлекеттік басымдықтарға сәйкес өңірлік денсаулық сақтауды дамыту және мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.