Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт саласында тұрақты өсім көрсетіп келеді

Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт саласында тұрақты өсім көрсетіп келеді

Өңір спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу бойынша Қазақстанда 2-орында — халықтың 64,5%-ы спортпен шұғылдануға жағдай жасалған нысандарға қол жеткізе алады. 

Мемлекеттік қолдау мен жергілікті бастамалардың арқасында жаңа спорт нысандары салынып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі кеңеюде, ауыл тұрғындары мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін спортқа қолжетімділік артып келеді.

 Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын дамыту – өңірдің басты басымдықтарының бірі.