Жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныптарына құжаттарды 2025 жылғы 31 тамызға дейін тапсыруға болады.
Бірінші сыныпқа 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ биыл 6 жасқа толатын балалар дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады. Басты шарт – баланың мектепке бекітілген аумақта тұруы.
Құжаттарды қалай тапсыруға болады?
Ата-аналар өтінішті электронды үкімет порталы egov.kz арқылы рәсімдей алады немесе құжаттарды қағаз түрінде тапсырады.
Қабылдау бекітілген үлгілік ережелерге (2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрық) сүйене жүзеге асырылады. Ережеге сәйкес, мектеп өзіне бекітілген аумақта тұратын үш баланы және қызмет көрсету аумағынан тыс бірінші болып өтініш берген бір баланы қабылдауға міндетті.
Білім басқармасының мәліметінше, 2025–2026 оқу жылында Ақтөбе өңірі бойынша 1-сыныпқа 19 270 оқушы қабылдау жоспарланған, оның ішінде 15 159 бала (78,7%) қазақ тілінде, 4 111 бала (21,3%) орыс тілінде білім алады.
Бүгінгі күнге дейін 14 987 бала (жалпы жоспардың 77,8%-ы) құжат тапсырды. Оның ішінде 12 183 бала (81,3%) – қазақ және 2 804 бала (18,7%) – орыс тілінде оқытатын класстарға құжат тапсырған.