«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 110 шақырымы тапсырылады

«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 110 шақырымы тапсырылады

Республикалық маңызы бар KZ04-02 «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолы 1960-1970 жылдар аралығында салынған, жалпы ұзындығы 401 шақырым құрайды.

2023-2024 жылдары аталған автожолдың 45 шақырымына (Шалқар қаласынан – Қауылжыр ауылына дейін 224-259 км аралығы 35 шақырым, Ырғыз ауылынан Самара-Шымкент а/ж қиылысына дейін 391-401 км аралығы 10 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары аясында автожолдың 110 шақырымы жалпыға ортақ пайдалануға тапсырылады. Мердігер - жергілікті «АссанаДорСтрой» ЖШС компаниясы.🔺

Бүгінгі күні орындалған жұмыс түрлері:

- негіздемені ресайкерлеу 39,7 шақырым,
- асфальтобетон жабындының төменгі қабатын орналастыру 33,7 шақырым,
- асфальтобетон жабындының жоғарғы қабатын орналастыру 14,7 шақырым.
📍

Сонымен қатар, автожолдың Ізімбет-Біршоғыр-Қотыртас ауылдары аралығындағы (50-92 км, 149-164 км) жалпы ұзындығы 57 шқ құрайтын орташа жөндеу жұмыстары 2026 жылғы жоспарлануда.