Ақтөбеде 300 Әлия бас қосты

Ақтөбеде 300 Әлия бас қосты

«Әлия» есімі бүгінде ел ішінде ардақталып, 70 мыңнан астам азаматшаға берілген. Оның ішінде 4 мыңға жуығы – Ақтөбе облысының тұрғындары.

🔸Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы аясында ерекше мазмұндағы форум өтті. «Мен – Әлиямын!» атты бұл ауқымды жиынға батыр қызбен аттас 300-ге жуық нәзік жан жиналды. Форум батыр рухына тағзым ету, есімінің мәңгілік екенін паш ету, жас ұрпаққа өнеге көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Форумға келгендердің ең үлкені – 88 жастағы қария болса, ең кішісі – 2 айлық сәби. Айта кетерлігі, бүгін сағат 07:45-те тағы бір Әлия дүниеге келіп, шара аясында қуанышты хабар жеткізілді.

✔️Форумға жиналған 300 қатысушының дені – дәрігер, мұғалім, өнер және спорт саласының үздіктері. Әрқайсысы өз саласында жетістікке жетіп, елге қызмет етіп жүрген жандар. Ерекше атап өтерлігі, қатысушылардың қатарында батырдың туған күнінде дүниеге келген 4 Әлия және «Ілия» есімімен тіркелген, бірақ бейресми түрде Әлия деп аталатын жандар да болды.

📌Жиын барысында әр салада үздік нәтижелерге қол жеткізген Әлияларға құрмет көрсетілді. Батырдың туған күнінде дүниеге келген Әлияларға гүл шоқтары ұсынылды.

🌹🎗️Форумға дейін шара қатысушылары Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлікке тағзым етті.