2025 жылғы 26 қазанда өткен
Шалқар аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 26 қазанда № 9, № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Шалқар аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 4241 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 3075 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 8 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 6.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Шалқар аудандық мәслихат депутаттарын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 9 сайлау округі бойынша
Баттал Серік Елеуұлы үшін сайлаушылардың 163 дауысы берілді,
Нағашыбай Серікбол Қуанышұлы үшін сайлаушылардың 133 дауысы берілді,
Тулебов Еркин Джеткергенович үшін сайлаушылардың 1128 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.
№ 10 сайлау округі бойынша
Аманжулов Асылхан Мухамбетжанович үшін сайлаушылардың 1049 дауысы берілді,
Еңсеп Едіге Меңдалыұлы үшін сайлаушылардың 267 дауысы берілді,
Тажиев Мырзахан Адилханович үшін сайлаушылардың 335 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Шалқар аудандық мәслихаттың депутаттары болып:
№ 9 сайлау округі бойынша – Тулебов Еркин Джеткергенович, 1988 жылы туған, жеке кәсіпкер, Шалқар ауданы Бозой ауылының тұрғыны сайланды.
№ 10 сайлау округі бойынша– Аманжулов Асылхан Мухамбетжанович, 1989 жылы туған, «Ұлы Борсық» КМК директоры, Шалқар ауданы Шалқар қаласының тұрғыны сайланды.
Шалқар аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы