2025 жылғы 30 наурызда өткен
Шалқар аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 30 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Шалқар аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1952 азамат енгізілді. Дауыс беруге -1095 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 0 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шалқар аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 5 сайлау округі бойынша
Каюпов Манас Серикбайұлы үшін сайлаушылардың 295 дауысы берілді,
Көпенов Есенғали Аекенұлы үшін сайлаушылардың 655 дауысы берілді,
Убниязов Муратбек Койлыбаевич үшін сайлаушылардың 133 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 12.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шалқар аудандық мәслихаттың депутаты болып:
№ 5 сайлау округі бойынша – Көпенов Есенғали Аекенұлы, 1974 жылы туған, «Шалқар аудандық ауруханасы» МКК бас дәрігері, Шалқар ауданының тұрғыны сайланды.
Шалқар аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы