2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен
Шалқар аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы
хабарлама
2024 жылғы 8 желтоқсанда №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шалқар аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2033 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1155 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 0 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шалқар аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 7 сайлау округі бойынша
Абдікәрім Ерлан Нурмуханбетұлы үшін сайлаушылардың 746 дауысы берілді,
Нағашыбай Серікбол Қуанышұлы үшін сайлаушылардың 260 дауысы берілді.
Тажиев Мырзахан Адилханович үшін сайлаушылардың 131 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 5;
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шалқар аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.
№ 7 сайлау округі бойынша – Абдікәрім Ерлан Нурмуханбетұлы, 1970 жылы туған, «№5 мектеп-лицей» КММ директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, Шалқар ауданы, Шалқар қаласы.
Шалқар аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы