"Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған

Дүйіс Айтжан Дүйісұлы (1933 жылы Шалқар ауданы, Сарыбұлақ ауылдық кеңесінде дүниеге келген). Тыл ардагері.
1949 жылы Шалқар қалалық қазақ орта мектебін, 1953 жылы Ақтөбе мұғалімдік институтын , 1970 жылы Орал пединститутын орта мектептің математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Ұзақ жылдар бойы аудан мектептерінде мұғалім, Жаңақоныс жетіжылдық мектебіне директор болып тағайындалып, оны 20 жыл басқарады.
1982 – 1984 жж. Жаңақоныс кеңшары кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1984 – 1991 жж. Жаңақоныс селолық кеңесінің төрағасы болып сайланады.
«Еңбектегі ерлігі үшін» және т.б Ұлы Жеңістің мерекелік медалдарымен марапатталған.