Шүйіншалин Әбу 1923 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жаңақоныс елді мекенінде дүниеге келген. Соғыс және еңбек ардагері.Соғыста 102 атқыштар корпусы; 172 атқыштар дивизиясының 134 артиллериялық полкінде болған.Соғыстан кейін Жаңақоныс совхозында ауыл шаруашылық саласында басшылық қызметтер атқарған. І,ІІ дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» ордендері мен «Еңбек ардагері», «Астанаға 10 жыл», «Г.Жуков» т.б көптеген медалдармен мараптталған.