«1941 – 1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

«1941 – 1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Насрединов Убайдулла (23.03.1927 жылы Шалқар ауданы, Аяққұм елді мекенінде туған. 2011 жылы Шалқар ауданы, Жаңақоныс ауылдық округі, Аққайтым ауылында қайтыс болған.) Еңбек және Соғыс ардагері.

          Еңбек жолын Ұлы Отан соғысы жылдарында Шалқар ауданының Қорғантұз  ауылдық кеңесінде  пошта байланыс бөлімшесінің меңгерушісі болып бастап, ауылдық кеңес хатшысы қызметін атқарған (1942 – 1946), кейін Ақтөбе зоотехникумында студент (1946 – 1948 ж.ж.).

          1948 – 1953 ж.ж. Шалқар аудандық ауыл шаруашылық бөлімінде аға,   бас зоотехник, бөлім бастығы қызметін атқарған. 1954 жылы аудандық партия комитетінде нұсқаушы қызметінде болған ол «отызмыңдықтар» қатарында Қазақстанның ХХХ жылдығы атындағы ұжымшарға басшы болып сайланып, басқарма төрағасы қызметін атқарады (1955 – 1963 ж.ж.).

          1963 – 1965 ж.ж. аудан ауыл шаруашылығы басқармасында инспектор – ұйымдастырушы, кейін 1966 – 1987 ж.ж. «Жаңақоныс» кеңшарында  бас зоотехник, аға экономист. 1955 – 1958 ж.ж. тың игерушілер қатарында болған. Қазақстан Компартиясы Х съезінің делегаты (1960 ж.). «Құрмет белгісі» орденімен, «1941 – 1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», тағы  да басқа 10 медалмен, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президимуының Құрмет Грамотасымен марапатталған.