Мұқан Қабақбаев 1890 жылдары шамасында, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, қазіргі Жаңақоныс ауылдық округінде дүниеге келген. Ұзақ жылдар колхозда бригадир, ферма меңгерушісі болып еңбек еткен. 1950 жылы Социалистік шаруаны үздік атқарғаны үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.