
Ресми хабарлама!
«Shalqar Energy» ЖШС, 13.07.2026 ж. №KZ77RYS01825107 өтініші бойынша Шалқар учаскесінде жобалық тереңдігі 2200(±250м) болатын Р-1, Р-2 барлау ұңғымаларын салу көзделеді.
Географиялық жағдайы: Ақтөбе облысының Шалқар ауданы. Елді мекендер және оларға дейінгі қашықтық-Шалқар қ., Бозой к., ст-да 250 км ОШ-қа 20 км. Жұмыстың мақсаты: қосымша геологиялық-геофизикалық ақпарат алу үшін ұңғымаларды бұрғылау құрылымында өнімді көкжиектердің өндіру мүмкіндіктерін іздеу және пайдалану.
Орындалған есептеулерге сәйкес жобаланатын жұмыстарды жүргізу кезеңінде жалпы атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары туралы ақпаратпен Шалқар ауданы әкімдінің интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/article/details/241166?lang=kk сілтемесінде толық таныса аласыздар.
Р1 және Р2 жобалық ұңғымаларын бұрғылау және сынақтарды өткізу 2026-2028 жылдарға арналған.
Мүдделі азаматтар қоғамдық тыңдауларға қатысуға, өз түзетулерін енгізуге және экологиялық қауіпсіздікті талап етуге құқылы екенін хабарлаймыз. Тұрғындардан ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауға akimat_shalkar@mail.ru электрондық поштасы және 8-71335-21-4-35 байланыс номері белгіленген.
«Шалқар ауданы әкімінің аппараты» ММ