
📲 eGov Mobile мобильді қосымшасында тауарларды цифрлық кодтар бойынша тексеру функциясы қолжетімді болды. Жаңа функционал Naqty Onim сервисі негізінде іске асырылып, пайдаланушыларға цифрлық таңбалау жүйесінен мәліметтерге тез және тегін қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 💡 Қазіргі уақытта пайдаланушылар жалған өнім жиі кездесетін санаттардағы тауарларды, соның ішінде дәрі-дәрмектерді, темекі бұйымдарын және аяқ киімді тексере алады. eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық кодты (Data Matrix-коды) сканерлеу арқылы тауардың түпнұсқалығы, өндірушісі, негізгі сипаттамалары және өнімнің шығарылған күні туралы ақпарат көрсетіледі. 📌 eGov Mobile қосымшасындағы тексеру функциясы міндетті цифрлық таңбалауға жататын және Data Matrix коды бар тауарларға қолданылады. Дәрі-дәрмектерді тексеру кезінде өнімнің нақты дәрілік препарат санатына жататыны ескеріледі. Сондай-ақ оның өндірілген күні маңызды: 2024 жылғы 1 шілдеге дейін шығарылған дәрілер міндетті цифрлық таңбалауға жатпайды және сканерлеу кезінде жүйеде көрінбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда тексеру нәтижесінің шықпауы тауардың заңсыз немесе жалған екенін білдірмейді.