Ауыл шаруашылығын дамыту: 2025 жылдың 1-жартыжылдығындағы көрсеткіштер мен қолдау шаралары

Ауыл шаруашылығын дамыту: 2025 жылдың 1-жартыжылдығындағы көрсеткіштер мен қолдау шаралары

2025 жылдың алғашқы 6 айында Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы саласына 14,6 млрд теңге қаржы бөлінді.

✅Мал шаруашылығы – 5,6 млрд ₸✅

Өсімдік шаруашылығы – 1,3 млрд ₸

Инвестициялық субсидия – 2,7 млрд ₸

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау – 4,5 млрд ₸

Қайта өңдеуді қолдау – 0,5 млрд ₸

📊

Нәтижесінде 6 айда 107,3 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

 648 жаңа техника алынып, ауыл шаруашылығы паркі жаңартылды.

 

6167 тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен шаруаларға жеткізілді.

 «Кең дала-2» арқылы 69 шаруашылыққа 5,9 млрд теңге несие берілді.

Мал саны тұрақты: 624 мың МІҚ, 1,3 млн қой-ешкі, 377 мың жылқы.

 Егіс көлемі – 765,4 мың гектар.

 «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 2 867 жобаға 16,3 млрд ₸ несие берілді.

2025–2027 жылдары 63,2 млрд ₸ инвестициямен 50 жоба жүзеге асырылады.