Мал шаруашылығын цифрлық трансформациялау: Премьер-министр өнімнің үздіксіз қадағалануын қамтамасыз етуді тапсырды

Мал шаруашылығын цифрлық трансформациялау: Премьер-министр өнімнің үздіксіз қадағалануын қамтамасыз етуді тапсырды

На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрены меры ветеринарного контроля в животноводческой отрасли, а также процессы цифровизации данной сферы. С докладом выступил министр сельского хозяйства Айдарбек Сапаров, о проводимой работе по цифровизации отрасли доложил министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Жаслан Мадиев, сообщает Primeminister.kz.

Премьер-министр подчеркнул, что в регионах необходима качественная ветеринарная инфраструктура, вместе с тем должны быть созданы условия для своевременной ветеринарной вакцинации в целях профилактики заболеваний. Отмечена важность цифровизации процессов для обеспечения прозрачности, повышения эффективности контроля и учета продукции животноводства.

«Ветеринарная безопасность является ключевым условием выхода продукции на экспортные рынки. Одновременно, необходимо усилить контроль при ввозе животноводческой продукции из-за рубежа. Цифровизация отрасли должна обеспечить прозрачность всех этапов жизненного цикла продукции животноводства. Результаты Национальной сельскохозяйственной переписи, проводимой в текущем году, должны быть интегрированы в цифровые платформы», – отметил Олжас Бектенов.

По итогам заседания Правительства Премьер-министр поручил обеспечить полный охват вакцинацией сельскохозяйственных животных, в том числе в сегменте личных подсобных хозяйств. Олжас Бектенов подчеркнул, что все регионы должны иметь в достаточном объеме качественные и доступные ветеринарные средства. Отмечена важность стимулирования отечественных производителей.

Перед Министерством сельского хозяйства совместно с акиматами регионов до 1 ноября поставлена задача по верификации базы данных сельскохозяйственных животных.

Министерствам сельского хозяйства, цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности поручено до конца года обеспечить стопроцентную цифровизацию всех процессов, связанных с движением животных и животноводческой продукции. Также поставлена задача по внедрению системы сквозной прослеживаемости и обеспечению интеграции всех баз данных в единую цифровую платформу

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығы саласындағы ветеринариялық бақылау шаралары, сондай-ақ осы саланы цифрландыру үдерістері қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасаса, саланы цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтып берді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Премьер-министр өңірлерде сапалы ветеринариялық инфрақұрылым қажет екенін, сонымен бірге аурулардың алдын алу мақсатында уақытылы ветеринариялық вакцинациялау үшін жағдайлар жасалуға тиіс екенін атап өтті. Ашықтықты қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін бақылау және есепке алу тиімділігін арттыру үшін процестерді цифрландырудың маңыздылығы атап өтілді.

«Ветеринариялық қауіпсіздік өнімді экспорттық нарықтарға шығару үшін негізгі шарт болып табылады. Сонымен қатар сырттан әкелінетін мал өнімдеріне бақылауды күшейту қажет. Саланы цифрландыру мал өнімдерінің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге тиіс. Биыл жүргізіліп жатқан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының нәтижелері цифрлық платформаларға интеграциялануы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр ауыл шаруашылығы жануарларын, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтар сегментінде вакцинациялаумен толық қамтуды қамтамасыз етуді тапсырды.

Олжас Бектенов барлық өңірлерде сапалы және қолжетімді ветеринариялық құралдар жеткілікті көлемде болуға тиіс екенін атап өтті. Ол үшін ең алдымен, отандық өндірушілерді ынталандыру маңызды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, осы жылдың 1 қарашасына дейін ауыл шаруашылығы жануарларының деректер базасына верификациялау міндеті қойылды.

Ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктеріне жыл соңына дейін жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысына байланысты барлық процестерді жүз пайыз цифрландыру тапсырылды. Сондай-ақ үздіксіз қадағалап отыру жүйесін енгізіп, деректер базаларының барлығын бірыңғай цифрлық платформаға интеграциялау міндеті қойылды.