
Кұрметті жерлестер!
Қасиетті Рамазан айындағы жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын. Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт - мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам.
Бұл - өзін-өзі кемелдендіру және рухани тазалау кезеңінен өткен әлемнің барлық мұсылмандары үшін діни мерекелердің маңыздысы болып табылады. Бір ай бойы төзімділік танытып ауыз бекіткен, ықыласпен қайырымдылық жасаған пенденің құрмет пен марапатқа,қуаныш пен сауапқа кенелетін сәті.Отыз күнгі ораза мұсылмандарды тақуалыққа баулыса, айт күнгі қуаныш мұсылмандардың бауырмалдығын күшейте түседі. Бұл мереке - достық пен татулықтың мерекесі.
Құрметті жерлестер!
Бұл қасиетті мереке күні өздеріңізге мықты денсаулық, бейбітшілік пен жақсылық, тілеймін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен: Шетырғыз ауылдық округінің әкімі Әбденова Жанна Дүйсенбайқызы.