
Шетырғыз ауылдық округінде Шалқар ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.Р. Смайловтың қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында учаскелік полиция инспекторы болып тағайындалған Шалқар ауданы ПБ Полиция майоры Ақмалай Бекжан Өтепбергенұлын ауыл тұрғындарына ресми түрде таныстырылды.
Жиын барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және полиция мен тұрғындар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері сөз болды.