Ұлттық жоба аясында Қазақстанда электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға төмендеді

Ұлттық жоба аясында Қазақстанда электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға төмендеді

Энергетика министрлігі «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында электр желісі инфрақұрылымын жаңарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.2025 жылы 17 мың км электр беру желілеріне және 420 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл желілердің тозу деңгейін 66%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға, яғни 3140 технологиялық бұзушылыққа азайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Биыл да 17 мың км электр желілерін жөндеу қамтылған, оның ішінде:

Ақмола облысы — 2,5 мың км
Астана — 153 км
Ақтөбе облысы — 467 км
Алматы облысы — 351 км
Алматы — 264 км
Атырау облысы — 430 км
ШҚО — 756 км
Жамбыл облысы — 1,8 мың км
БҚО — 366 км
Қарағанды облысы — 1,1 мың км
Қостанай облысы — 731 км
Қызылорда облысы — 115 км
Маңғыстау облысы — 560 км
Павлодар облысы — 2,4 мың км
СҚО — 1,1 мың км
Түркістан облысы — 677 км
Шымкент — 67 км
Абай облысы — 769 км
Жетісу облысы — 422 км
Ұлытау облысы — 1,8 мың км

Сонымен қатар 444 қосалқы станцияны, сондай-ақ 3,4 мың тарату пунктін және трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеу көзделген.

Жоспарланған шараларды іске асыру электр желілерінің орташа тозу деңгейін қосымша 65%-ға дейін төмендетуге, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.