“Мөлдір бұлақ” экологиялық шарасы

“Мөлдір бұлақ” экологиялық шарасы

Ауылымызда “Таза Қазақстан” акциясы аясында “Мөлдір бұлақ” экологиялық шарасы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Аталған игі бастаманы Қаратоғай ауылдық клубының ұжымы қолға алып, үлкен жауапкершілікпен жүзеге асырды.

Іс-шара барысында су көздерінің жағалаулары қоқыстардан тазартылып, қоршаған ортаның тазалығына ерекше көңіл бөлінді.

Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Осындай пайдалы бастамалар арқылы туған жеріміздің көркін сақтап, оны келер ұрпаққа таза күйінде аманат ету – бәріміздің борышымыз.