Жолдарды қардан тазалау жұмыстары

Жолдарды қардан тазалау жұмыстары

Бүгін Шалқар – Шетырғыз бағытындағы көтерме жолда мердігер мекеме тарапынан қар тазалау жұмыстары жүргізілді. Жол үстіндегі қар арнайы техниканың көмегімен тазартылып, жол жиегіне шығарылды.

Аталған жұмыстар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік қатынасының қалыпты жүруі мақсатында атқарылды. Қыс мезгілінде жолдың ашық әрі қауіпсіз болуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.