Ақтөбе облысында 26,6 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық жасалды
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша рақымшылықтың қолданылу тәртібі туралы баяндалды.
2026 жылғы 2 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты бірқатар әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық қолданылады.
Рақымшылық азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге және жекеше практикамен айналысатын адамдарға қатысты мемлекеттік кірістер органдары салған бірқатар әкімшілік айыппұлдарды қамтиды.
Маңыздысы, рақымшылыққа жататын айыппұлдар автоматты түрде есептен шығарылады. Азаматтарға өтініш беру немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну талап етілмейді.
Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен оның аумақтық басқармалары тарапынан 250 әкімшілік материал бойынша рақымшылық жүргізілді.