
«БОРЫШКЕР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ
2026 жылғы 15-17 маусым аралығында Шалқар ауданы аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әкімшілік айыппұлдар мен өзге де берешектерді өндіру, қарызы бар азаматтарды анықтау және заң талаптарын түсіндіру.
Шара барысында жол қозғалысына қатысушылардың әкімшілік айыппұлдарының төленуі тексеріліп, берешегі бар тұлғаларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.
Шалқар ауданы полиция бөлімі азаматтарды әкімшілік айыппұлдар мен өзге де міндетті төлемдерді уақытылы төлеуге шақырады.