Өңірдің бас санитар дәрігері тұрғындарды вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы уақытылы екпе алуға шақырды

Өңірдің бас санитар дәрігері тұрғындарды вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы уақытылы екпе алуға шақырды

 

Өңірдің бас санитар дәрігері тұрғындарды вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы уақытылы екпе алуға шақырды

Ақтөбе облысында вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен, қызылша, көкжөтел бойынша аурушаңдық әлі де тіркелуде. Қызылшамен сырқаттанғандардың 90%, көкжөтелге шалдыққандардың 80% екпе алмағандар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова мәлімдеді. Өңірдің бас санитар дәрігерінің айтуынша, аталған аурулардың алдын алудың бірден бір жолы – вакцинация.

«Қызылша панэнцефалит, соқырлық пен кереңдікке әкелуі мүмкін. Көкжөтел асқынған жағдайда тұншығуға, кейбір жағдайда өлімге алып келеді. Ал, егілген балаларда ауру жеңіл өтеді және асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, алайда әрбір азаматтың жауапкершілігі мен вакцинацияға белсенді қатысуы аса маңызды, яғни осы індеттердің алдын алуға болатынын ескеру қажет. Құрметті ата-аналар! Өз денсаулығыңыз бен балаларыңыздың болашағы өз қолыңызда. Вакцинация – вакцинамен басқарылатын инфекциялардың алдын алудың бірден бір жолы» - деп атап өтті Райхан Қойшанова.

Айта кетейік, наурыз айының басынан бері елімізде қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиялық шаралар күшейтілді. Эпидемиологиялық жағдай толық тұрақталғанға дейін 6–10 айлық сәбилерге қосымша иммундау енгізілді. Сондай-ақ бұрын вакцина алмаған 2–5 және 7–18 жас аралығындағы балаларды, сондай-ақ расталған иммундауы жоқ 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін толықтырып вакцинациялау ұйымдастырылып, жүргізілуде.