
«Туған жерге тағзым» акциясы аясында Шалқар ауылдық округіне қарасты Жылтыр ауылының тумалары, Дамбар орта мектебінің 1986 жылғы түлектері туған жерін көркейту мақсатында игі іс атқаруда. Олар елді мекенді көгалдандыру үшін 50 түп қарағай көшеттерін сыйға тартты.
Аталған қарағай көшеттері қазіргі таңда Жылтыр ауылының орталығына отырғызылуда. Бұл игі бастама ауылдың экологиялық жағдайын жақсартып, көркіне көрік қосары сөзсіз.
Туған жерінің көркеюіне үлес қосып жүрген түлектерге алғыс білдіреміз.