Сазды орта мектебі: келешек мектебінің жарқын үлгісі

Сазды орта мектебі: келешек мектебінің жарқын үлгісі

 

Сазды орта мектебі: келешек мектебінің жарқын үлгісі

Былтыр 1 қыркүйек күні Ақтөбе қаласы, Сазды ауылында екі қабатты жаңа мектеп ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Ескі мектептің жанынан бой көтерген 300 орындық ғимарат қазіргі заман талабына сай инфрақұрылыммен толық жабдықталған.

«Келешек мектептері» жобасы — еліміздің білім беру жүйесін жан-жақты дамытуға арналған ауқымды бастама. Сазды орта мектебі — осы бастаманың өңірдегі нақты жүзеге асқан жарқын үлгісі. Мұнда сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасып, оқушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Осындай білім ордалары ел болашағының берік іргетасы екені анық.