
Қазақстанда 5 жылда 1200-ден астам жаңа мектеп салынды.
Осы ауқымды жұмыстың нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 4 есеге, апатты ғимараттар саны 2,5 есеге, ал оқушы орнының тапшылығы 4 есеге қысқарды.
2020 жылдан бері Қазақстанда 1,1 млн оқушы орнына арналған 1 242 жаңа мектеп салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Осы ауқымды жұмыстың нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 4 есеге, апатты ғимараттар саны 2,5 есеге, ал оқушы орнының тапшылығы 4 есеге қысқарды.
Мектеп желісін жаңартудағы ең ірі қадам Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске қосылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы болды. Үш жыл ішінде, 2023 жылдан 2025 жылға дейін, елде жалпы сыйымдылығы 460 мыңнан астам оқушыға арналған 217 жаңа форматтағы мектеп пайда болды. Жаңа ғимараттар ауданы бойынша бұрынғы типтік жобалардан 15–20%-ға кең, ал техникалық жабдықталу деңгейі олардан төрт есе жоғары. Әрбір мектепте еңбекке баулу шеберханалары, музыка және хореография залдары, STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, коворкинг-аймақтар және спорт залдары жұмыс істейді. Жоба 43 үш ауысымды және 8 апатты мектептің мәселесін толықтай шешуге мүмкіндік берді. Барлық кезеңдерде сапаны жүйелі бақылауды жобаны үйлестіруші Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қамтамасыз етеді.