
Ұлттық мүдденің кепілі: жаңа Конституцияның іргелі нормаларының авторы – Президент
АСТАНА. KAZINFORM — «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ақтөбе облысының активімен кездесті. Іс-шара барысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елдің жаңа Ата Заң жобасы қалай әзірленгені туралы маңызды әрі қызықты деректерді айтты.
Оның айтуынша, Президент тек реформаларға бастамашы болып қана қоймай, жаңа Конституцияның негізгі ережелерінің тікелей авторы болды.
— Президенттің мемлекеттік құндылықтарға деген қастерлі әрі мұқият көзқарасының жарқын көріністерінің бірі — мәтіндермен жұмыс істеу мәдениеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы түрлі құжаттармен жұмыс істегенде, өзінің сөйлейтін сөздерінде «Егемендік» және «Тәуелсіздік» ұғымдарын әрдайым бас әріппен жазады, — деп атап өтті Ерлан Қарин.
Толығырақ https://kaz.inform.kz/news/ulttik-muddenn-kepl-zhana-konstitutsiyanin-rgel-normalarinin-avtori-prezident-ca823e/