
Ерлан Қарин: Жаңа Конституция еліміз қайда бара жатыр және Қазақстан болашақта қандай болады деген сұраққа жауап береді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаңда сөз сөйледі. Аталған іс-шара елдің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша өтетін референдумды талқылауға арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ерлан Қарин Конституцияның тек ең жоғары заң ғана емес, сонымен бірге өзіндік қоғамдық келісім екенін атап өтті.
«Осы тұрғыдан алғанда, меніңше, жаңа Конституция біздің болмысымызды әлдеқайда айқын білдіреді және қоғамда табиғи түрде қалыптасқан бірқатар негізгі мәселелер бойынша келісімді нақтырақ айқындайды», деді Мемлекеттік кеңесші.
Толығырақ https://egemen.kz/article/407371-erlan-qarin-zhanha-konstitutsiya-elimiz-qayda-bara-dgatyr-dgane-qazaqstan-bolash