
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
2026 жылғы 21 ақпанда Астанада «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаң өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, академиялық және сарапшылық қауымдастық, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтымен бірлесіп ұйымдастырды.
Сараптамалық алаң жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, олардың институционалдық, құқықтық және саяси салдарын ашық талқылау форматында өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин алғысөз сөйлеп, Конституция тек ең жоғары заңдық құжат әрі құқықтық акт қана емес, сонымен қатар өзіндік қоғамдық келісім екенін атап өтті.
Толығырақ https://egemen.kz/article/407377-sarapshylar-qauymdastyghy-dganha-konstitutsiya-dgobasynynh-negizgi-eredgelerin-t