15 мамыр Отбасы күні!

15 мамыр Отбасы күні!

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Мөңке би ауылдық клубы мен кітапханасының ұйымдастыруымен «Шуақты отбасы!» тақырыбында алтын алқа иегері, көпбалалы Сақтағановтар отбасымен кездесу өтті.
Іс-шара барысында отбасының өмірі жайлы әсерлі әңгіме өрбіп, отбасылық суреттер көрсетілді. Балалары жүрекжарды тақпақтарын оқыды.
Бұл кездесудің мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, көпбалалы жанұяларға құрмет көрсету.