
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – бейбітшілік пен келісімнің, достық пен өзара құрметтің нышаны. Көпұлтты елімізде ғасырлар бойы түрлі ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Осы бірліктің арқасында біз қиындықтарды еңсеріп, болашаққа нық қадам басып келеміз.
Біздің ауыл – өзара түсіністік пен ынтымақтың жарқын үлгісі. Бірлігіміз бекем, еңбегіміз ерен болсын! Әр шаңыраққа амандық, береке мен молшылық тілеймін.
Игі тілекпен: Мөңке би ауылдық округінің әкімі Д.Әмірханов.