Кәсіпкерлік нысан ашылды.

Кәсіпкерлік нысан ашылды.

Бүгін — бәріміз үшін ерекше күн. Ауылымызда тағы бір игі істің жүзеге асып, 70 орындық жаңа "Омар" караоке-кафесінің ашылу салтанаты өтті.
Бұл — тек бір нысанның ашылуы ғана емес, бұл — ауылдың дамуының, кәсіпкерліктің өркендеуінің айғағы.

Жаңа ашылып отырған бұл кафе ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы, дәмді және көңілді орынға айналатын болады. Сонымен қатар, бұл жер — жаңа жұмыс орындары, ауыл экономикасына қосылған үлес, жастарға үлгі болатын бастама.

Осы істі қолға алған ауыл тұрғыны, жеке кәсіпкер Умирбаев Асхат Рысқалиұлы.

Кафенің ашылу салтанатында ауыл әкімі құттыктау сөз сөйлеп, жаңа іске береке, мол табыс тілеп, жылы лебізін білдірді. Ауыл үлкендері кәсіпкерге ақ баталарын берді.

Кафе ауылымыздың көркіне көрік қосып, талай қуанышты сәттердің куәсі болсын деп тілейміз!