22 сәуір күні Мөңке би ауылдық кітапханасында 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай ерекше форматта библиокросс өтті!

22 сәуір күні Мөңке би ауылдық кітапханасында 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай ерекше форматта библиокросс өтті!

Шараның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға баулу, шығармашылыққа жетелеу, кітапхана қорымен және арнайы дайындалған көрмелермен таныстыру.

Оқушылар екі командаға бөлініп, кітапхана ішінде квестке қатысты:
– сүйікті кітаптарын іздеді,
– ертегі оқып, мазмұнын айтып жарысты,
– кейіпкерлерге мінездеме берді,
– мақал-мәтелдердің жалғасын тапты,
– қызықты сұрақтарға жауап берді.

Кітап – ұрпақтан ұрпаққа жететін рухани байлық. Осындай танымдық шаралар арқылы біз кітап оқудың маңызын терең түсіндіреміз.
Көрнекілігі: кітап көрмесі, суреттер, дәйексөздер. Қатысушылар саны 21 адам.