
Учаскелік полиция инспекторы С.Князбаев, бас маман А.Қарағұлова, Өрт сөндіру бекетінің қызметкері А.Қожагелдин округке қарасты шаруа қожалықтарын аралады. Шаруашылық төрағаларына "Жайылымдар туралы" көктемде жайлауға, күзде қыстаққа көшу туралы, еңбек шарты жасалмаған жұмысшыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қожалықтың жерінде орналасқан тұрғын үйлер, нысандар, мал қоралары құжаттарын заңдастыру жөнінде ескертілді.
Алаяқтық қылмыстары оның ішінде интернет - алаяқтықтарының алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, "Абай болыңыз: алаяқтар!" атты жаднамалар таратылды.