
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Құқықтық мәдениет" республикалық құқықтық сауаттылық айлығының жоспарына сәйкес Шалқар ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция майоры С.Князбаев және Мөңке би ауылдық округі аппаратының бас маманы А.Карагулова, Мөңке би өрт сөндіру бекетінің маманы Ә.Қуантайдың қатысуымен 7-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында кездесу өткізілді.