Еңбек адамы – бұл өз еңбегімен қоғамға және жеке өміріне мән беретін адам.

Еңбек адамы – бұл өз еңбегімен қоғамға және жеке өміріне мән беретін адам.

 

Ол өз ісіне адал, еңбекқор және жауапкершілікті болады. Еңбек адамы әрқашан өз мақсатына жету үшін табандылықпен жұмыс істейді және қоғамды дамытуға үлесін қосады.

Сондай еңбек адамының бірі Мөңке би ауылының тұрғыны Маменов Якуда Арыстанұлы. Ол өз қолымен қамшыға қажетті заттарды дайындап, қолдан түрлі қамшыларды өріп сатуда.
Қамшы өру өнері – қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің бір түрі. Сондай өнерді дамытып қазіргі таңда ауылдан ғана емес Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан тапсырыс қабылдауда. Бұл өнердің тамыры тереңде жатыр, әрі қамшы қазақ халқының өмірінде маңызды орын алады.