
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты.
🚗 Жүргізушілерден:
▫️ белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтау;
▫️ жаяу жүргіншілер өткелдерінде мұқият болу;
▫️ жол белгілері мен бағдаршам талаптарын орындау;
▫️ көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонға алаңдамау талап етіледі.
🚶 Жаяу жүргіншілер:
▫️ жолды тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен кесіп өтуі;
▫️ бағдаршамның талаптарын сақтауы;
▫️ жолдан өтер алдында көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізуі қажет.
Жолдағы тәртіп пен өзара құрмет – қауіпсіз қозғалыстың басты кепілі.
Әрбір жол қозғалысына қатысушы өз жауапкершілігін сезініп, қауіпсіздік талаптарын сақтауы тиіс.
Жол ережесін сақтайық – адам өмірін қорғайық!