«Діни сауатсыздық – қоғам қаупі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Діни сауатсыздық – қоғам қаупі» тақырыбында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында діни сауаттылықтың маңызы, дәстүрлі құндылықтарды құрметтеу, діни ақпаратты тек сенімді әрі ресми дереккөздерден алу қажеттілігі туралы айтылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі күмәнді діни ақпараттарға сақтықпен қарау, жат ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Ақсақалдар жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, қоғамдағы бірлік пен татулықты сақтау, ұлттық және рухани құндылықтарды дәріптеу әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Діни сауаттылық – қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңызды негізі.